+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда коронавирус стационары 87% толды – Алтай Көлгінов

2020 жылғы 7 шілде 15:28
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда коронавирус стационары 87% толды – Алтай Көлгінов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада эпидемиялық жағдай өзгерген жағдайда, қосымша мыңнан астам орын ашылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус кезінде қан құю тәсілі көмектесе ме Курчатов қаласындағы ауруханаға жаңа медициналық жабдықтар жеткізілді – ШҚО Қатерлі дертке шалдыққан балаларға коронавирус қауіпті ме – Онкогематолог жауабы

Оның айтуынша, кронавирус карантині басталған уақытта елордада тек қана үш стационар болып, мыңға жуық орын болса, қазіргі уақытта 13 стационар немесе 3 700-ден астам орын бар. Оның 87 пайызы толған.

«Вирус жұқтырған жүкті әйелдерге арнайы перинаталды орталық ашылды. Республикалық ұлттық ғылыми орталықта 240 орын ашылды. Оның 40 орны – реанимация. Кардиохирургиялық орталықта 60-тан астам ауыр халдегі азаматтарға жансақтау бөлімін аштық. №1 аурухана толығымен коронавирус стационарына ауыстырылды. Ондағы пациенттер басқа ауруханаларға жіберілді», - деді қала әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сонымен бірге, әкім «Рамада плаза» қонақ үйінде 500 орын ашылғанын еске салды.

«Онда толыққанды стационар жұмыс атқаруда. Оның 60 пайызынан астамы науқастармен толды. Егер эпидемиялық жағдай әрі қарай өзгеретін болса, қосымша мыңнан астам орын ашуға әзірміз», - деді Алтай Көлгінов.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны 5 984-ке жетті, 61 адам қайтыс болды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT