+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда көпбалалы және жалғызбасты аналарға баспана кілті табыс етілді

2021 жылғы 5 сәуір 20:40
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда көпбалалы және жалғызбасты аналарға баспана кілті табыс етілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында көпбалалы және жалғызбасты аналарға баспана кілттері табысталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда ескі үйлердің орнына жаңа тұрғын үй кешендері салынып жатыр «Алматы жастары» арқылы пәтер алғысы келген 3,8 мың адамның өтініші қабылданбады Түркістандық кәсіпкерлер ауылдағы мұқтаж отбасыларға баспана салуда

Аталған шарада елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов пен «Отбасы банк» АҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев сөз сөйлеп, үйлі болған тұрғындарға пәтер кілттерін табыстады.

«Біріншіден, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің атынан сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Осы үй баршағыңызға берекелі және құтты болсын! Үй іші бүлдіршіндердің сыңғырлаған күлкісі мен бақытқа толы болсын!» — деді Нұрлан Нұркенов.

«Сіздерді «Отбасы банк» атынан бүгінгі қуаныштарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Үйге мұқтаж азаматтарды үймен қамтамасыз ету бойынша орасан жұмыс атқарылып жатыр. 2020 жылдың нәтижесі бойынша 2 500 адам мемлекеттік бағдарлама аясында «Отбасы банк» арқылы жеңілдетілген несиемен үй алды. Биыл сол жұмыстар жалғасын табуда. Сонымен қатар 8 мыңға жуық пәтер беріледі. Бүгінгі алған пәтерлеріңіз құтты болсын! «Сырты малға, іші жанға толсын» деген қазақта жақсы сөз бар, сол қуанышқа барлығымыз бірге жете берейік!» — деді Жансұлтан Матаев.

Шара соңында пәтер алған қала тұрғындары қуаныштарын білдіріп, ізгі тілектерін жолдады.

«Осы үйді алғаныма қуаныштымын. Бүгінге дейін пәтер жалдап тұрдық. Жалғызбасты ана болғандықтан бұл күнге жетуім арман болатын. 2015 жылдан бастап кезекке тұрдым. Міне, бүгін төбем көкке жетіп, жақсы көңіл-күйде тұрмын», — дейді Сәния Жаппасбаева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT