Нұр-Сұлтанда көлік ұрлап, 2 адамды қаққан күдікті екі айға қамалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада такси көлігін ұрлап, кейіннен екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен күдікті екі айға қамауға алдынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық сотқа сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қаласы арнайы мамандандырылған ауданаралық соты аталған күдіктіге қатысты тергеу материалдарын қарады. Тергеу шаралары аяқталғанша күдіктіні екі ай қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды», - деді ҚазАқпарат тілшісіне елордалық соттың баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жол-көлік оқиғасы салдарынан 48 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды. 2005 жылы туған жасөспірім түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

Елордалық полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденовтің сөзіне қарағанда, 23 жастағы күдікті осыған дейін бірнеше рет сотты болған. 2013 жылы тонау фактісі бойынша, содан кейін ұрлық үшін іс қозғалған.

ҚР ҚК 345-бабы («Адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») және 200-бабы («Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар