+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда қоғамдық орында жасалатын қылмыс саны 2 есе азайды

2020 жылғы 14 ақпан 03:12
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда қоғамдық орында жасалатын қылмыс саны 2 есе азайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық орындарында жасалған құқық бұзу фактілерінің саны 44,9 % азайған. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова өзінің Telegram каналында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысындағы санитарлық бекетте мас жүргізуші ұсталды Төтенше жағдай кезінде Қазақстандағы қылмыс саны 22% азайды Екі облыста заңсыз сатылмақ болған 9 мың маска мен 700 антисептик тәркіленді

«Егер 2018 жылы қаланың қоғамдық орындарында 14 мыңнан астам құқық бұзушылық жасалса, 2019 жылы бұл көрсеткіш 8 мыңға дейін азайған. Оның ішінде, қала көшелерінде жасалған қылмыстар 38,4 % азайды. Бұзақылық әрекеттер саны 52,3 % - ға қысқарды», - дейді Малика Бектұрова.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда астанада «Сергек» қоғамдық және жол қауіпсіздігі жобасы бойынша 13 мың камера орнатылды. Оның ішінде 10 мыңы қаладағы қоғамдық тәртіпті қадағалайды.

«Бұл камералардың деректері қаладағы көшелерде болып жатқан жағдайды полиция қызметкерлері бақылайтын Ахуал орталығына беріледі. Жол қиылыстарында және жолдың желілік учаскелерінде орнатылған аппараттық-бағдарламалық кешендердің құрамына кіретін шолу камералары да астанада қоғамдық қауіпсіздікті бақылауға мүмкіндік береді. Камералар қаланың жатын аудандарында, мектептердің жанында, қоғамдық орындарда орналасқан» деп жазады қала әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ, мектептерде, балабақшаларда, қоғамдық орындар аумағында астанадағы қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында меншікті камераларды интеграциялау жүргізіліп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT