Нұр-Сұлтанда қазақ тілін оқытатын тегін курстар басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада қазақ тілін тегін үйрететін курсқа қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен «Руханият» КММ ұйымдастырған тіл курстары «ҚР Тіл туралы» Заңы және ҚР тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде жүргізіледі.

«Өткен жылы қаламыздың 1500-ге тарта тұрғынын бес деңгей бойынша қазақ тіліне үйреттік. Олар үшін қаланың 4 ауданында оқу кабинеттері жұмыс істеді. Курс аптасына үш реттен жыл соңына дейін жалғасты. Ал, латын графикасына 854 қызметкер өтінім білдірді. Олардың арасында мемлекеттік қызметкерлер, қорғаныс саласы мамандары, БАҚ өкілдері бар. Биыл да осы жұмыстарды жүйелі атқарамыз», - деді Тілдерді оқыту және әдістемелік жұмыстар жөніндегі бөлім басшысы Гүлнар Камашева.

Сонымен бірге, жүзден астам мемлекеттік қызметкерге ағылшын тілін меңгерту және 1500 адамды латын графикасына үйрету жоспарланған. Аталған курсты жоғары білімді тіл мамандары жүргізеді.

Қала тұрғындары төменде көрсетілген мекен-жайлар бойынша қазақ тілі курсына жазыла алады.

Алматы және Есіл аудандары – Қошқарбаев даңғылы, 50 және Қабанбай батыр даңғ., 8 (213 оқу кабинеті);

Алматы және Байқоңыр аудандары – М.Ғабдуллин көшесі., 5, 3-қабат (304 оқу кабинеті);

Сарыарқа, Байқоңыр аудандары – Республика даңғылы, 42, 3-қабат (7 оқу кабинеті).


Соңғы жаңалықтар