Нұр-Сұлтанда қатты тұрмыстық қалдықты қайта өңдеу деңгейі 70% жетеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Әбдіманап Жұмаділдаев қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қайта өңдеу бойынша 2018-2020 жылдарға арналған Қоршаған ортаны қорғаудың кешенді жоспарын орындау аясында «Оператор РОП» ЖШС-мен бірлесіп көптеген жұмыстар атқарылуда. Биыл бағдарлама аяқталады және біз 2025 жылға дейінгі жоспарды мақұлдаймыз», - деді Ә. Жұмаділдаев елордада өтіп жатқан «Сарыға таста!» экологиялық акциясында.

Спикер қаланың барлық тұрғындарының қоқыс сұрыптау ережелерін сақтамайтынын және экологиялық мәдениетті қалай сіңіру қажеттігін айтып берді.

«Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, өңдеуге болатын қоқыстың барлығын қайта пайдалануымыз керек. Сондықтан үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу өте маңызды. Ия, біз әлі менталитет жасай алмадық. Бұл уақыт пен сананы қажет етеді. Сондықтан мектептерде, колледждерде және университеттерде насихаттау жұмысы жүріп жатыр. Экологиялық сағаттар өткізіледі, мұғалімдер арнайы дайындықтан өтеді. Ең алдымен, әрине, өзімізден бастау керек», - деді ол.

Оның айтуынша, Нұр Сұлтанда арнайы контейнерлер орнату жұмыстары жалғасады.

«Қала өскен сайын контейнерлер де көбейеді. Осыған байланысты, «РОП» ЖШС көмектесіп, салаға инвестиция құйып келеді, контейнерлерді сатып алу бойынша жұмыс істейді. Барлығы кесте бойынша, жүйелі жүргізіледі. Бізде қоқысты қайта өңдеу кешені бар. Араласып келген қоқыстар қолмен сұрыпталады, шыны, металл, қағаз, пластик алынады. Қалғаны сығымдалып, арнайы полигондарға тасымалданады. Бір кездері тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу деңгейі 3% құрайтын. Өткен жылмен салыстырғанда біз 2018 жылы бұл көрсеткішті 16% жеткіздік. Біздің мақсатымыз – қайта өңдеу үлесін 70% жеткізу. Осыған байланысты үлкен инвестиция қажет», - деді Әбдіманап Жұмаділдаев.

Айта кетейік, елордада қатты тұрмыстық қалдықтарды бөліп тастауды насихаттауға арналған «Сарыға таста» экологиялық акциясы өтті.



Соңғы жаңалықтар