+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда карантин режимі жеңілдемейді

2020 жылғы 23 мамыр 15:51
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда карантин режимі жеңілдемейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада карантин режимі жеңілдетілмейді. Қала тұрғындары санитарлық нормаларды қатаң сақтауы керек. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Instagram парақшасында жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала аумағында блокпостар жұмысын жалғастыра береді. Полиция құрамы қаланы күзетіп, кәсіпорындардың санитарлық нормаларды сақтауын бақылап, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Дәрігерлер, волонтерлер күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Бүгін қала әкімі Алтай Көлгінов коронавирустың таралуына қарсы әрекет бойынша жиналыс өткізді.⠀

«Карантин режимін жеңілдеткелі бері көшелерде көп адам жүр. Күн сайын жүргізілетін рейд нәтижесі бойынша бәрі бірдей санитарлық норманы сақтамайтыны анықталды: санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамау салдарынан 26 нысан жабылды. Негізінен дәмхана, мейрамхана, қонақ үй және басқалар. 150-ден астам өнеркәсіп ескерту алып, белгілі бір бөлігіне айыппұл салынды», - дейді қала әкімі.

Рейд жүргізу барысында саябақтарда адам көп жиналатыны және маскасын жүретіні анықталған. Бұл инфекцияның кең таралуына әкеп соғуы мүмкін. Мұндай жағдайда дәрігерлерге ауруды уақытылы анықтап, оқшаулау қиын соғады. ⠀

«Осыған байланысты полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізе беруі керек. Жұмыс істеуге рұқсат етілген компаниялардың жұмысы күн сайын мониторингтен өтуі керек. Санитарлық нормаларды сақтамаған нысандар жабылады. Ауру жұқтыру қаупі әлі бар, қазір босаңситын кез емес», - дейді Алтай Көлгінов.

Ол ең алдымен өзіңнің және жақындарыңның денсаулығына әлеуметтік жауапкершілікпен қарау керек екенін айтты. Өкінішке қарай, коронавируспен ауырғандардың 40% - 18-30 жас аралығындағы, 36% - 30-50 жас аралығындағы адамдар.

«Коронавирусты тұмау сияқты қабылдамау керек. Бұл дерт бұрын созылмалы ауруы болмаған жас адамның денсаулығын санаулы күнде-ақ нашарлатып жіберуі мүмкін. Өзіңді оқшаулау мен санитарлық нормаларды сақтау ғана бұрынғы қалыпты өмірге тезірек оралуымызға көмектесе алады», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT