Нұр-Сұлтанда ер адам өзінің көңілдесі мен пәтер иесін өлтірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда ер адам өзінің көңілдесі мен өздері жалдаған пәтер иесін өлтірді, Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

16 қыркүйекте сағат 10.00-де 102 каналына пәтерден пышақ жарақатын алған 26 жастағы әйел мен 68 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келді.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Марқұмның 34 жастағы бұрынғы көңілдесі адам өлтірді деген күдікпен ұсталды.

Ерлі -зайыптылар арасында жанжал туындап, оны пышақтап тастағаны анықталды. Жанжалға қатысқан қызды қорғаған 68 жастағы пәтер иесі де көптеген жарақат алған. Артынша ол қылмыс орнынан ізін суытқан.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99 -бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде. Күдікті Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Соңғы жаңалықтар