Нұр-Сұлтанда еліміздің Әнұраны жаппай орындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімдігінің алдындағы алаңда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны жаппай орындалды. Еліміздің Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орай өткен іс-шараға шамамен 600-ге жуық адам қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Еліміздің Мемлекеттік рәміздері күні Қазақстанда 4 маусым күні атап өтіледі. Іс-шараға Мемлекеттік елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков, елорда әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйымдар және қала тұрғындары қатысты.

Өз кезегінде Жандарбек Мәлібеков тәуелсіз мемлекеттің ажырамас атрибуттары ретінде Мемлекеттік рәміздерді сақтау мен ұқыпты қараудың маңыздылығын атап өтті.

null null null

Соңғы жаңалықтар