10:14, 18 Қаңтар 2020 | GMT +6
Нұр-Сұлтанда екі қала маңы маршрутындағы қозғалыс уақытша тоқтатылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада екі қала маңы маршрутындағы қозғалыс уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Smart Astana Bot-қа сілтеме жасап.
Екі қала маңы бағдары -№306 және № 326-да қозғалыс уақытша тоқтатылды
Бұдан бұрынНұр-Сұлтан және Ақмола облысы әкімдіктері бірлесіп қоғамдық көліктердің қозғалысын қалпына келтіру үшін қар тазалау жұмыстарын ұйымдастырып, таңертең 10 қала маңы маршрутындағы қоғамдық көлік қозғалысы қалпына келтірілгендігі хабарланған болатын.
Қазір сегіз - №№ 300, 301, 303, 304, 305, 312, 320, 322 бағдарларында қоғамдық көліктер жүріп жатыр.