Нұр-Сұлтанда домбыра күніне орай онлайн концерт өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қалалық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі әлеуметтік желілердегі парақшаларында Домбыра күніне арнап онлайн-концерт өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мереке аясында халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы Досым Мақсұтов концерт берді.

Белгілі домбырашы шәкірттерімен бірге танымал шығармаларды орындады. Сонымен қатар елордалық домбыра шебері Айбат Кәрібаймен онлайн сұхбат өтті. Ол шеберханасын көрсетіп, домбыра жасаудың ерекшеліктерімен таныстырды.

Еске салсақ, 2018 жылдың 13 маусымында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлттық Домбыра күнін белгілеу туралы жарлығы жарияланды.


Соңғы жаңалықтар