Нұр-Сұлтанда COVID-19 жұқтырғандардың 48% − жұмыс істейтіндер

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың жас мөлшерін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұрынғыдай көбінесе 30-39 жастағы адамдар басым ауырады, олар 24,8% құрайды. 50 жастан асқан адамдар – 23,5 % болса, балалардың жалпы сырқаттанушылықтағы үлесі – 14,9% құрайды. Жұмыс істейтіндер ауру жұқтыруға анағұрлым бейім болады, олар жалпы сырқаттанушылықтың 48% алады. Бұл ұжымдарда эпидемияға қарсы іс-шаралардың сақталмайтынын куәландырады», - деді С. Бейсенова елорда әкімдігінде өткен онлайн брифингте.

Қазіргі уақытта тіркелген 857 үй ошағы бар, онда науқастармен қарым қатынаста болған 2 161 адам медициналық бақылауда.

Айта кетейік, елордада COVID-19 ауруы қаңтар айымен салыстырғанда 33,8%-ға төмендеді. Тәулігіне шамамен 68 инфекция жағдайы тіркеледі, оның ішінде 37 жағдай симптомды, 31-і симптомсыз түрде.


Соңғы жаңалықтар