Нұр-Сұлтанда COVID-19 жағдайлары 33,8%-ға төмендеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада COVID-19 ауруы қаңтар айымен салыстырғанда 33,8%-ға төмендеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қабылданған шектеу және эпидемияға қарсы шараларының арқасында қалада COVID-19 ауруы қаңтар айымен салыстырғанда 33,8%-ға төмендегені байқалады. Бүгінгі күні қаладағы апталық қарқынды көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда - 53,96-ты көрсетеді. Нұр-Сұлтан қаласы «сары аймақта» тұр, репродуктивті саны – 0,997», - деді С. Бейсенова елорда әкімдігінде өткен онлайн брифингіде.

Қалада барлық жастағы және контингенттер арасында CОVІD-19 жағдайларын тіркеу жалғасуда. Жыл басынан бері 6707 зертханалық расталған CОVІD-19 жағдайы тіркелген және 85 клиникалық-эпидемиологиялық расталған CОVІD-19 жағдайлары ПТР-тестінің теріс нәтижесімен тіркелкен.

Тәулігіне 68 инфекция жағдайы тіркелді, оның ішінде 37 жағдай симптомды, 31-і симптомсыз түрде болған. Ал 73 ошақ анықталса, оның 54-і үйлерде, 19-ы ұйымдастырылған топтарда орналасқан.

«Сонымен бірге симптомы бар науқастардың үлес салмағы қаңтар айында 65,2 % болса, ақпан айына 68,09 %-ға дейін өскен. Атап айтқанда, 50 жастан асқан адамдар арасында симптомдармен сырқаттану 3,5%-ға өсті», - дейді спикер.

Соңғы жаңалықтар