Нұр-Сұлтанда битум құйылған бөшкелер өртенді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда битум құйылған 20-ға жуық бөшке өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«28 мамыр күні сағат 18:46-да Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне өрт оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті. Анықталғандай, Алаш тас жолы, 9 мекенжайында 20-ға жуық битум құйылған бөшкелер өртенген. Әр бөшкенің көлемі 50 литр. Соның салдарынан жақын маңдағы КамАЗ дөңгелегі мен ЗИЛ көлігінің кабинасы зардап шеккен», - делінген департамент хабарламасында.

Өрт сағат 19:10-да ауыздықталды және 19:24-те толық сөндірілді. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт себебі анықталып жатыр.


Соңғы жаңалықтар