Нұр-Сұлтанда аула клубтарының фестиваліне 500-ге жуық бала қатысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Жастар» сарайында «Таланттар шеруі» атты аула клубтарының фестивалі 500 жуық балалардың басын қосты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Таңертеңнен бастап спорт залда «Армандастар», «Мирас», «Алау», «Profit», «Жас қанат», «Береке спорт», «Алан», «Есіл», «Эверест», «Орда», «Шағала», «Береке», «Тамерлан», «Байқоңыр», «Астана», «Балауса», «Бәйтерек» аула клубтарының жас спортшылары өз шеберліктерін көрсетіп, күш сынасты.

«Жастар» сарайының үлкен холында шахмат турнирі және суреттер көрмесі өтті. Сонымен қатар, аула клубтарының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен кино-концерт залында есеп беру концертін өткізді. Сондай-ақ, «Жастар» сарайының әртістері мерекені театрлық қойылымымен жалғастырды.

Пернехан Амангелдіұлының ұлы өткен жылы ашылған «Эверест» аула клубында футболмен айналысады. Ата-ата өз балалары үшін қамсыз, өйткені ол оқудан кейінгі уақытын бос өткізбей, өзінің сүйікті іспен айналысады.

«Аптасына үш рет жаттығады. Турнирлерге қатысып, Қарағанды мен Степногорск қаласына барып қайтты. Фестивальден кейін қуанышты көңіл-күймен сыйлықпен оралды. Мен балам үшін алаңдамаймын, ол оқумен және аула клубымен айналысады», - деді ата-ана.

«Мирас» аула клубының жетекшісі Диана Степанова ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

«Балалардың, ата-аналардың және педагог-жаттықтырушылардың қанша қуанышы. Жыл бойы республикалық және халықаралық конкурстар мен спорттық жарыстардың жүлдегерлері болған барлық балалар мен жаттықтырушы-оқытушылар 5000 және 40000 теңге номиналымен салтанатты түрде сертификаттармен марапатталды. Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасы жанындағы «Астана жастары» КММ және Smart Family Group компаниясының фестиваль ұйымдастырушыларына зор алғысымызды білдіреміз», - деп атап өтті Степанова.

Соңғы жаңалықтар