Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығынан өткен түнде жүзге тарта жол-көлік оқиғасы тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қар жауып, боран соққан елордада бір түнде ғана жүзге тарта жол-көлік оқиғасы тіркеліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін таңертеңгі сағат 09.00-де Қарағанды тас жолы бойындағы «Кеңмарт» гипермаркеті мен жанармай құю бекеті арасында жолда 1972 жылы туған жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, №80 автобусты арыққа құлатып алған. Автобуста 9 жолаушы болған. Жарақат алғандар жоқ. Патрульдік полицияның үш экипажының көмегімен барлық жолаушылар «Встреча» дүкенінің жанындағы жылы аялдамаға жеткізілді», - деп хабарлайды әкімдіктен.

Арада бірнеше минут өткенде дәл сол жолда жедел жәрдем көлігі №80 автобуспен соқтығысып қалмайын деп, шұғыл тоқтаған. Осының салдарынан №29 бағыттағы автобус жедел жәрдем көлігінің артынан соққан. Жарақат алғандар жоқ. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

«Құрметті жүргізушілер! Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті ауа-райының нашарлауына байланысты жолдың жекелеген учаскелері көлік құралдары үшін жабылатындығын ескертеді. Департаменттің жеке құрамы толығымен халыққа көмек көрсету үшін жұмыс істеуде. Біз елорда тұрғындарынан түсіністік танытуды сұраймыз: патрульдік полицияның талаптарын сақтап, жеке көлік құралдарын жол бойында қалдырмаңыз және тазалау құралдарына кедергі келтірмеңіз. 23 қаңтарға қараған түні жүзге жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар