Нұр-Сұлтанда алғаш рет су добынан лицензиялық Азия чемпионаты өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 12-16 ақпан күндері Нұр-Сұлтанда су добынан алғаш рет лицензиялық Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, ел астанасында өтетін байрақты бәсекенің басты ерекшелігі Токио Олимпиадасына жолдама ойнатылады.

«2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына Азия құрлығынан ерлерден - 4, әйелдерден 6 команда екі жолдаманы сарапқа салатын болады. Аталған командалар ішінде үздік атанып, бірінші орынға ие болған командалар ғана Олимпиада жолдамасына ие болады. Әйелдер арасындағы додаға Қытай, Қазақстан, Жапония, Өзбекстан, Сингапур және Корей Халық Демократиялық Республикасының құрамалары қатысады. Ал ерлер арасындағы бәсекеде Қазақстан, Иран, Қытай және Оңтүстік Корея командалары өзара бақ сынайды», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар