Нұр-Сұлтанда 29 қаңтардан бастап боран басылады - Қазгидромет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК ауа райын қысқа мерзімге болжау басқармасының басшысы Алуа Саханова алдағы күндері боран басылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«22-24 қаңтар аралығында «Қазгидромет» ескерту жариялаған болатын. Ол жерде қар жауатыны және оңтүстік-батыстан секундына 15-20, 23-28 метр жылдамдықпен жел соғатыны айтылған. 26-27 қаңтар күндері қатты жел соғып, 6 милиметр қар жауды», - деді Алуа Саханова қалалық әкімдікте өткен брифингте.

Сондай-ақ, ол 29 қаңтардан бастап солтүстік-батыс антициклоны мен ауа температурасының төмендеуіне байланысты жауын-шашын тоқтайтынын айтты.

«29 қаңтар күні түнде қар жауып, тұман түссе, 30 қаңтар күні ара-тұра тұман болып, түнде -26 -28, ал күндіз -16 -18 градус аяз болады», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар