+7 (701) 759 90 19
USD 429.59 EUR 507.3
RUB 5.62 CNY 64.1
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда 2023 жылға дейін жаңадан 50 мектеп ашылады

2020 жылғы 23 қыркүйек 16:13
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда 2023 жылға дейін жаңадан 50 мектеп ашылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда 2023 жылға дейін жаңадын 50 мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елорда халқының саны жыл сайын өсіп келеді. Бұл өз кезегінде оқушылардың да көбеюіне әсер етеді. Мысалы былтыр 180 мыңнан аса оқушы болса, биыл 200 мың оқушы жаңа оқу жылын бастап отыр. Әрине, кей мектептерде оқушының көптігі сезіледі. Әсіресе жаңадан салынған тұрғын үйлердің бір ауданда көп салынуы да мектепке деген сұранысты арттырады», - деп жауап берді Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы ҚазАқпарат агенттігінің ресми сауалына.

Мектеп жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін бес жылдыққа кешенді жоспар жасалған.

«Осы кешенді жоспардың аясында биыл 3 жаңа мектеп ашылды. Бұған қоса, тағы үш мектептің жанынан қосалқы құрылыс жүргізілді. Яғни, мектептерді кеңейттік. Жыл соңына дейін 2 жаңа мектеп, 3 қосалқы құрылыс ашылады. Осылайша 2023 жылға дейін барлығы 50 мектеп ашылады деп жоспарлап отырмыз», - деді басқармадан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT