Нұр-Сұлтанда 2 тоннадан астам зақымданған анар жемісі өртелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы министрлігінің инспекторлары өртеу әдісімен зақымданған анар жемістерін жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ведомствоға сілтеме жасап.

«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы карантиндік фитосанитарлық бақылау барысында Түркия елінен келген анар жемісінен қауіпті карантиндік зиянкестер – комсток сымырын жұқтырған 2 318 келі анарды анықтады» делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, аталған өнім тәркіленіп, экополигон аумағында өртелген.

«Сонымен қатар, осы факті бойынша инспекторлар тарапынан әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен өнім иесіне 53 мың теңге көлемінде айыппұл салынды» - деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

Жалпы, комсток сымыры негізінен алмұрт, алма, анар, шабдалы, өрік, банан, інжір, жүзім, цитрус, картоп, қарбыз, қауын, бұрыш және басқа да бақша көкөністері мен жеміс-жидектерді және жабайы өсімдіктерді зақымдайды. Қауіпті зиянкестер жаппай таралған кезде өсімдіктер қурап қалады.

Соңғы жаңалықтар