Нұр-Сұлтанда 10-15 күнге жететін ПТР тест бар - Сәуле Қисықова

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордадағы ПТР тест қоры туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалалық денсаулық сақтау басқармасы күн сайын қаладағы зертханаларда жүргізілген тестілеу саны мен қанша тест қалғанына мониторинг жүргізеді. Қазіргі ақпаратқа сәйкес, алдағы 10-15 күнге жетерлік тест бар. Одан кейінгі тесттерді сатып алу жұмыстарын зертханалар жүргізеді. Мұның барлығы бақылауда», - деді басқарма басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, күн сайын елордада 4,5 мыңға жуық адам тест тапсырады және өзге медициналық ұйымдарды қайта жабдықтау арқылы төсек-орын саны да қамтамасыз етіледі.

Бұған дейін спикер елордада жедел жәрдем базасындағы колл-орталыққа жүгінушілер саны күрт өскенін хабарлаған еді.

Сонымен бірге, Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны үш есе артты, 50 науқас жасанды өкпе желдету аппаратына қосылған.


Соңғы жаңалықтар