Нұр-Сұлтан тұрғындары коронавирус бойынша қайда хабарласа алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирусқа қатысты қандай да бір жағдай орын алған кезде қала тұрғындары әкімдіктің call-орталығына 109 нөмірі бойынша хабарласуына болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осындай және басқа да жағдайларға қатысты қала тұрғындары әкімдіктің call-орталығына 109 нөмірі бойынша хабарласа алады. Қаладағы Led-экрандарда коронавирус бойынша қайда хабарласуға болатыны жазылған хабарландырулар көрсетіп жатырмыз», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен.

Оның айтуынша, коронавирус инфекциясының таралуы және оған қатысты ескерту бойынша шаралар күшейтіліп жатыр.

«Коронавирус инфекциясының таралуы және оған қатысты ескерту бойынша аймақтық жедел штаб құрылып, жұмыс істеуде. Төтенше жағдайларды жою жөніндегі штаб бастығының шешімі бар: олар карантин жағдайында тұрғындар мен шаруашылық субъектілердің тәртібін реттейді», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар