Нұр-Сұлтан тұрғындары қай орындарда вирус жұқтырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова қала тұрғындары жиі коронавирус жұқтырған орындарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы 19 күнде қаламызда тәулігіне 1,5 мыңнан астам ауру тіркелген. Қазіргі уақытта базарлар, сауда орталықтары, қоғамдық көліктер, мейрамхана, кафе-бар, еңбек ұжымдары және саябақтар мен демалыс орындары негізгі ауру жұқтыратын жерлер болып қала береді», - деді С. Бейсенова елорда әкімдігінде өткен брифингіде.

Спикердің айтуынша, базардағы жұқтыру 7%-дан 15%-ға дейін, сауда нысандарында – 19%-дан 24%-ға дейін, кеңселерде – 13%-дан 28%-ға дейін, саябақтар мен демалыс аймақтарында – 15%-дан 18%-ға дейін, сондай-ақ 0,8%-дан 7%-ға дейін – науқастар үйлену тойларын және т.б. бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатысқан. Науқастардың 8%-ы қоғамдық көлікті тұрақты пайдаланады.

Айта кетейік, елордада COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайсыз. Бес ай бойы қала «қызыл» аймақта тұр, соңғы 13 күнде инфекциялық стационарлар жүктемесі 70%-дан асып және 100 мың тұрғынға шаққанда төсек-орынның толу көрсеткіші 200-ден жоғары болғандықтан Нұр-Сұлтан «қою қызыл аймақта» болды.

Кешеден бері инфекциялық стационарлар жүктемесі 69%-ға түсіп, елорда тағы да «қызыл аймаққа» ауысты.


Соңғы жаңалықтар