«Нұр-Сұлтан – Петропавл» тасжолында жөндеу жұмыстары жаңа технологиямен жүргізілуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласы арқылы «Нұр-Сұлтан – Петропавл» тасжолының 69 шақырымындағы тәжірибе-эксперименттік аумақта «Қазавтожол» ҰК» АҚ «UneedUs» компаниясымен және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жол активтері ұлттық сапа орталығымен бірлесіп, инновациялық CONFIX материалын апробациялады.

«CONFIX полимерлі бетоны цементбетонды жабындыдағы шұрық-тесік пен шұңқырларды жөндеуге арналған. «UneedUs» компаниясының ақпаратынша, бұл соңғы өнертабыстардың бірі. Жаңашылдығын айтар болсақ, фракцияланған құм мен цементтен құралған және түрлі полимерлер қосылған құрғақ қоспа түріндегі материал.

CONFIX модификацияланған материалы сумен араластырылғанда тез қатады. Негізінен жабындысы бетоннан болатын аэродромдар мен автожолдардағы түрлі ақауларды жою үшін қолданылады. Мәселен, шұңқырлар мен ойдым-ойдым тесіктерді жөндеуде пайдаланылады»,-делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми сайтында.

Қазір жолдың тәжірибе-экспериментік аумағында зерттеулер мен бақылаулар жүргізіліп жатыр. Оң нәтиже болған жағдайда аталған технология республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы орташа жөндеу жұмыстарына енгізілмек.

«Еске сала кетейік, еліміздің автожол саласында жаңа технологиялар мен материалдарды енгізу жұмысы белсенді жүргізілуде. Жұмыс материалды жұмсау мен жол конструкцияларының өзіндік құнын төмендетіп, беріктік мінездемелерін арттыруға және жөндеуаралық мерзімін ұлғайтуға бағытталған»-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар