+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

«Нұр-Сұлтан – Петропавл - Қорған» жолындағы құрылыс жұмыстары жақында аяқталады

2020 жылғы 26 наурыз 14:40
Бөлісіңіз:
«Нұр-Сұлтан – Петропавл - Қорған» жолындағы құрылыс жұмыстары жақында аяқталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚпазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Нұр-Сұлтан – Петропавл – Қорған» тасжолының ұзындығы 60 шақырымды құрайтын учаскесін қайта салу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда жолдардың 28 мың шақырымы таңбаланады Қазақстанда автомобиль жолдарының 97 пайызы тасқын суды өткізуге дайын Алматыда тағы 10 айналма жол жабылды

«Жоба 2017 жылы іске асырыла бастады. Бүгінгі таңда жолдың 34 шақырымында жол жабындысының төменгі және жоғарғы қабаттары төселді. Нақтырақ айтқанда, жұмыстар жолдың 525-ші және 496-шы шақырымында, 496-шы және 465-ші шақырымы аралығында қамтылды. Бұдан бөлек, 22 су өткізу құбыры, 4 көпір және мал өткелдері орнатылды», - делінген Индустрия және инфрақұрлымдық даму министрлігі мәліметінде.

Жобаның бас мердігері – «К-Дорстрой» АҚ. Жолды салу жұмыстарына 450 жұмысшы, техниканың 275 бірлігі жұмылдырылған. Жұмыстар аяқталған соң, тасжол 1б және 2 техникалық санаттарына сай болмақ. Жол учаскесіндегі қозғалыс осы жылдың соңына дейін ашылады деп жоспарлануда.

Еске сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы бүгінгі таңда 1968 шақырымды құрайды. Оның 87 пайызы жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT