Нұр-Сұлтан мен Шымкент тұрғындарына жағымсыз метеорологиялық жағдай ескертілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 4 желтоқсан күні жағымсыз метеорологиялық жағдай Қазақстанның екі қаласында күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК ақпаратына сүйенсек, сәрсенбі күні атмосфералық ауа сапасы Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында нашарлайды.

Синоптиктердің деректеріне қарағанда, Актөбе, Алматы, Балқаш, Қарағанды, Тараз, Теміртау, Өскеменде ауаның ластануы күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар