Нұр-Сұлтан мен Алматының экологиясын жақсартатын жол картасы әзірленді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі әкімдіктермен, мемлекеттік органдармен біріге отырып Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының экологиялық проблемаларын кешенді түрде шешудің жол картасын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір бұл жоба Үкімет қарауында.

Карта бірнеше блоктан тұрады:

1-блокта көмірмен энергия шығаратын кәсіпорындардың зиянды заттарын азайту. ЖЭО-2, ЖЭО-3 орталықтарын қайта жаңғырту, газ құбырларының құрылысы, су жылыту қазандықтарын ауыстыру, Алматыны газдандыру, жеке тұлғаларға электр энергиясының түнгі тарифін өзгерту қарастырылған.

2-блокта ауа циркуляциясының бұзылу қаупінің алдын алу. Қаланың сәулеттік бейнесіне, бас жоспарына жел режимін ескере отырып өзгеріс енгізу.

3-блокта ағашты кесу мәселесіне қоғамды белсенді араластыру, кесілген ағаштардың орнына өтем ретінде ағаш отырғызу тетігін қайта қарау, жасыл желектің паспортталуын жүргізу.

4-блокта автокөліктердің зиянды заттарын шектеу, техникалық бақылау қызметінің операторларына талапты күшейту, Алматы мен Нұр-Сұлтанда зиянды заттарды бақылау және талдауға мүмкіндік беретін зертханаларды салу, дизельдік отынмен жүретін қалалық автобустарды пайдалануға кезең-кезеңімен тыйым салу, «Сергек» камералары арқылы Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласына кіріп шығуға рұқсат жүйесін жасау, электромобильдерге бөлек тегін тұрақ орындарын ұйымдастыру көзделген.


Соңғы жаңалықтар