Нұр-Сұлтан мен Алматыға заңсыз кірмек болған 33 адам ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына заңсыз кірмек болған 33 адам жауапқа тартылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша Ақтау, Атырау, Қарағанды, Теміртау, Абай, Саран, Шахтинск қалаларында шектеу шаралары енгізілді. Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай облыстарына кіруге тыйым салынды. Ертеңнен бастап, Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облысы жабылады.

«Жалпы елімізде карантин аумақтарындағы режімді күзету үшін 147 блок бекет қойылған. Төтенше жағдай режімінде енгізілген шектеу мен тыйымға қарамастан, полицейлер заңбұзушыларды ұстап келеді. Мәселен, елорда мен Алматыға заңсыз кіруге әрекеттенгені үшін 33 заңбұзушы жауапқа тартылды. Олардың арасында ақшалай сыйақыға блок бекеттеді айналып өтіп, жолаушы тасуға уәде бергендер бар», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сонымен бірге, министр санитарлық ережелерді бұзғандар, атап айтқанда, ауру жұқтырған адамдардың емдеу мен байланыстағы адамдар туралы мәлімет беруден бас тарту жағдайлары туралы айтып берді. Мұндай 4 факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.


Соңғы жаңалықтар