Нұр-Сұлтан мен Алматыда күшейтілген карантин өз нәтижесін бере бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында күшейтілген карантин режимі өз нәтижесін бере бастады. Бұл жайында ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Карин Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы күшейтілген карантин режимі қалай десек те өз нәтижесін бере бастады. Мемлекеттік комиссия екі қалада 28 наурыздан бастап күшейтілген карантин режимін енгізгеннен кейін коронавирус індеті таралуының өсім қарқыны баяулады», - деді Ерлан Карин.


Соңғы жаңалықтар