Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы әуе рейстерінің кестесі жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында әуе тасымалдаушылары 1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары арасында ұшуды қайта бастауға дайын. Бұл жөнінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Күніне 4 рейстен болады, оның ішінде 2 рейсті - «Эйр Астана», 1 рейсті - «Fly Arystan» және 1 рейсті «SCAT» әуе компаниясы орындайды.

Әуе компаниялары билет бағасын рейстер тоқтағанға дейінгі деңгейде сақтауға міндеттеме алады. Әрі қарай жағдай жақсарып жатса, рейстер санын және әуе кемелерінің сыйымдылығын арттыру мәселесі қаралады.

Сапарға шыққанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Көліктегі бас санитар дәрігері бекіткен санитарлық талаптардың күшейтілген нормаларын сақтау керек.

Олардың негізгілері мыналар:

- жолаушыларда COVID-19 тестінен өткені және оның нәтижесі теріс болғаны туралы анықтама болуы қажет (анықтаманың қолданылу мерзімі - берілген күннен бастап 7 күн);

- жеке қорғаныс құралдарын пайдалану (бетперде, қолғап);

- термометрия, әлеуметтік қашықтық сақтау;

- әуежайлар мен әуе кемелерін күшейтілген негізде залалсыздандыру.

Санитарлық қауіпсіздік талаптары бойынша аталған рейстерде бортта тамақ берілмейді.

ӘУЕ РЕЙСТЕРІНІҢ КЕСТЕСІ

Әуе акомпаниясы

Кесте

ӘК түрі/ сыйымдылығы

1. Эйр Астана

1.Алматы (06:55) – Нұр-Сұлтан (08:40) (Рейс КС-951)

Нұр-Сұлтан (09:40) – Алматы (11:20)

(Рейс КС-952)

2. Алматы (19:45) – Нұр-Сұлтан (21:30)
(Рейс КС-855)

Нұр-Сұлтан (22:30) – Алматы (00:10)

(Рейс КС-856)

Embraer 190/
108 орын

2. Fly Arystan

Нұр-Сұлтан (10:50) – Алматы (12:30)
(Рейс KCX-7056)


Алматы (13:00) – Нұр-Сұлтан (14:40)

(Рейс KCX-7055)

Airbus 320/
180 орын

3. SCAT

Алматы (09:00) – Нұр-Сұлтан (11:30)
(Рейс DV-713)

Нұр-Сұлтан (12:30) – Алматы (15:00)

(Рейс DV-714)

Boeing 737/

144 орын

Аталған бағыттарға ұшатын азаматтар коронавирус инфекциясына тестті өз қаражаты есебінен ақылы негізде жасататынын айта кету керек.

Тест өтуге болатын зертханалардың мекенжайы мен телефоны:

- «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы: Желтоқсан көшесі 46, тел. 8 (7172) 31-54-09, 8 (7172) 59-00-77.

- «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалы: Жібек Жолы көшесі 3, тел. 8 (7273) 82-35-65, 8 (727) 259-00-77.

- «Олимп» КДЗ Нұр-Сұлтан қаласында: Республика даңғылы 2/1, Гёте көшесі 3, Б. Момышұлы даңғылы 16, Абылай-хан даңғылы 12/1, Е-10 көшесі 2 үй, Манкент 2 көшесі (мобилді пункт). Тестілеу 8701 961 7008 телефонымен алдын ала жазылу арқылы ғана жасалады (смс мәтін WhatsApp)

- «Олимп» КДЗ Алматы қаласында: Медеу ауданы – Халиуллин к-сі 32, Сейфуллин к-сі 549, Жандосов к-сі 1В; Алмалы ауданы – Байзақов к-сі 221/155, Гагарин к-сі 236б. Тестілеу 8701 961 7307 телефонымен алдын ала жазылу арқылы ғана жасалады (смс мәтін WhatsApp)

- «INVIVO» зертханасы Алматы қ-сы: Қарасай батыр к-сі 123, Call-center: 8 727 258 83 83, 8 778 769 38 81

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары арасында рейстер тоқтатылғанға дейін күніне 17 рейс («Эйр Астана» - 9 рейс, «SCAT» - 3 рейс, «Qazaq Air» - 2 рейс, «Fly Arystan» - 3 рейс) орындалатын.


Соңғы жаңалықтар