Нұр-Сұлтан қаласында 680-ге жуық қараусыз қалған нысандар мен желілер анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада 680-ге жуық иесіз жатқан, қараусыз қалған нысандар мен желілер анықталды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында қала әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімнің дерегінше,Нұр-Сұлтанда 680-ге жуық иесіз жатқан, қараусыз қалған нысандар мен желілер анықталды. Оның 126 шақырымы электр, 7,5 шақырымы сумен жабдықтау және 14 шақырымы кәріз желілері. Сондай-ақ, 200-ге жуық трансформатор мен 76 трансформаторлық қосалқы станция балансқа алынбаған.

«10 қарашада орын алған жарықтың сөнуі электр желілеріндегі проблемаларды анықтады. Мердігер кабель каналын төсеу кезінде (Сығанақ және Ақмешіт көшелерінің қиылысында) жұмысқа немқұрайлы қарап, өз ісін сапасыз атқарған. Комиссия мәліметтеріне сәйкес, туындаған өрт полиэтилен құбырларының дұрыс орналаспауынан күшейген. Нәтижесінде бір арнада жатқан негізгі және резервтік қуат кабельдері зардап шекті. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Кабельдерді салу жұмыстары екі жыл бұрын жүргізілген, желілер балансқа алынбаған. Қазір біз иесіз, қараусыз қалған желілер мен нысандарды балансқа қабылдау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізудеміз», - деді А. Көлгінов.

Мұнан бөлек, әкімнің айтуынша, сумен жабдықтау және кәріз желілері бойынша механикалық әсерлерге төтеп бере алмайтын шыны пластик және гофрленген құбырларды пайдалану проблемасы анықталды. 34 учаскеде осындай құбырлар орнатылған (90 шақырым). Ашық люктер мен құдықтар да иесіз қалған мүлік қатарына жатады. Елордада барлығы 102 мың люк бар. Тұрғындардың ашық құдықтарға құлауын болдырмау үшін люктердің төрттен бір бөлігі (24,8 мың) арнайы торлармен жабдықталған. Бұдан басқа, пилоттық режімде люктерге автоматтандырылған мониторинг жүйесінің датчиктері орнатылды.

Соңғы жаңалықтар