Нұр-Сұлтан қаласына апаратын бірқатар жолдар бүгін ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласына апаратын бірқатар жолдар бүгін кешке дейін ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабайға сілтеме жасап.

Бүгін ашылатын Нұр Сұлтан қаласына апаратын жолдар тізімі:

1. «Нұр-Сұлтан - Щучинск» - 2020 жылғы 29 қаңтар сағат 20:00-де ашылады.

2. «Нұр-Сұлтан - Теміртау»- 29 қаңтар сағат 20:00-де ашылады.

3. «Нұр-Сұлтан - Қорғалжын» - 29 қаңтар сағат 20:00-де ашылады.

4. «Нұр-Сұлтан - Киевка - Теміртау» - 29 қаңтар сағат 18.00-де ашылады.

Сонымен қатар, тағы екі жол ертең ашылады деп жоспарланып отыр.

Олар - «Нұр-Сұлтан - Ерейментау - Шідерті» (30 қаңтар 20:00-де ашылады) және «Екатеринбург - Алматы» (30 қаңтар 7:00-де ашылады).


Соңғы жаңалықтар