Нұр-Сұлтан қаласын зарарсыздандыру үшін ұшақпен дәрі шашылады деген ақпарат жалған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласын зарарсыздандыру үшін ұшақпен дәрі шашылады делінген ақпарат жалған. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің Telegram парақшасында таратылған ақпаратта айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Whatsap топтарында тараған сағат 23-00 мен таңғы сағат 5-00 аралығында Нұр-Сұлтан қаласында зарарсыздандыру үшін тікұшақпен дәрі шашылады және азаматтардан терезе мен балкондарды ашуға, сонымен қатар көшеден 23-00-ден кейін шығуға тыйым салынады делінген ақпарат жалған. Қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР заңнамасында қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске саламыз. Азаматтарды тек ресми хабарларға сеніп, шындыққа жанаспайтын өсек пен ақпаратты таратпауға шақырамыз», - деп атап өтеді комитеттен.

Ведомство мәліметінше, Қазақстанда және әлемде коронавирус инфекциясының таралуына қатысты сенімді ақпаратттар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми сайттарынан, сондай-ақ аталған органдардың әлеуметтік желілердегі парақшаларынан, сондай-ақ тәулік бойы жұмыс істейтін 1406 Call-орталығынан білуге болады.


Соңғы жаңалықтар