Нұр-Сұлтан қаласы сот төрағасына қатысты тексеру жүріп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі ҚР Жоғарғы сотының ішкі қауіпсіздігімен бірлесе Нұр-Сұлтан қаласы сот төрағасы Тілектес Барпибаевқа қатысты жайтты тексеріп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Тексеру барысында жеке ұшақты бизнесменнің жалдағаны анықталды. Аталған бизнесмен Барпибаевтың (құдасы) туысы болып отыр. Ұшақ Германияда медициналық операция жасау үшін жалданған», - делінген хабарламада.

Бұл тұрғыда Жоғарғы сот комиссиясы Барпибаевтың судья эикасы талаптарын сақтауын тексеруде. Тексеру нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады.


Соңғы жаңалықтар