Нұр-Сұлтан елорда мәртебесін алғанға дейін қандай еді: Эксклюзивті видео

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттің Телерадиокешені Нұр-Сұлтан қаласының (ол кездегі атауы – Ақмола) 1996 жылы биіктіктен түсірілген эксклюзивті кадрларын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тікұшақтан түсірілген видеода Есілді қапталдай жайғасқан қаланың сол кездегі келбеті көрініс тапқан. Көшелерде жасыл желектің үлесі басым болғанымен, ең биік ғимарат өндіріс ошағының мұнаралы түтігі болғанын көруге болады. Совет заманының типтік сәулет стилін еске салатын қаланың қақ ортасында көлшіктер көп болғаны да аңғарылады.


Еске салсақ, Қазақстанның астанасын Алматыда сол кездегі Ақмолаға көшіру туралы шешім тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ қабылданған болатын. Сол кезде елді басқарған Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл бастамасын ҚР Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде мақұлдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда іске асты.

Қаланың аты 1998 жылдың 6 мамырында Президент Жарлығымен Астана болып өзгертілсе, 2019 жылғы 23 наурызда тағы бір Президент жарлығымен Нұр-Сұлтан деп аталды.

Ресми мәлімет бойынша, қазір елордада 1 миллионнан астам тұрғын бар.


Соңғы жаңалықтар