+7 (701) 759 90 19
USD 420.76 EUR 498.6
RUB 5.6 CNY 62.27
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтан әуежайындағы атыс: Оқиғаның мән-жайы белгілі болды

2019 жылғы 6 желтоқсан 15:33
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтан әуежайындағы атыс: Оқиғаның мән-жайы белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі 3 желтоқсан күні тіркелген оқиғаның мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«3 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайында жоспарлы оқу-жаттығу барысында қауіпсіздік бөлімшесінің қызметкері қаруды дұрыс пайдаланбай, абайсызда оқ атып алды. Оқиға салдарынан аталмыш қызметтің үш адамы жарақат алды. Біреуі ауруханаға жатудан бас тартты. Екеуі орта дәрежеде жарақат алған. Қазір олар Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық ұйымда ем алып жатыр», - деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Іс көліктегі полиция органының бақылауында.

Еске сала кетсек, бұған дейін елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында оқ атылғаны туралы ақпарат тарап, оны көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі растаған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT