Нұр-Сұлтан әуежайында әуе кемесінде қаруды алып жүру бойынша ақылы қызмет күшін жойды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бірінші сатыдағы сот Нұр-Сұлтан әуежайының әуе кемесінің бортына қаруды алып жүру бойынша ақылы қызметінің күшін жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл істі сотта қарауға республикалық «Қансонар» республикалық аңшылар қауымдастығының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне 2021 жылғы 14 шілдедегі өтініші негіз болды.

Өтініште «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ тарапынан әуе кемесіне қару мен оның оқ-дәрілерін алып жүру бойынша қызмет көрсеткені үшін бір қызмет көрсеткені үшін ҚҚС-ты ескере отырып, 15 000 теңге мөлшерінде қосымша ақы алу туралы сөз болды.

Бұл ретте әуе кемесінде қару алып жүргені үшін көрсетілетін қызметтің құнын авиакомпаниялар әуе билетінің құнына қосып та қояды. Нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында жолаушылар дәл сол қызмет үшін - әуежай мен авиакомпанияға екі есе төлем жасауға тиіс болады.

Өтінішті қарау шеңберінде Агенттік бұл қызмет елордалық халықаралық әуежай қызметінің жеке түрі ретінде монополияға қарсы органмен келісілмегенін анықтады. Бұрын Астана халықаралық әуежайы авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет шеңберінде осы қызметті көрсеткен болатын.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тарапынан материалдар Бас көлік прокуратурасына жіберілді.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Авиациялық көлік прокуратурасы материалдарды қарау нәтижелері бойынша осы қызметтің заңсыздығы туралы наразылық шығарды, оған «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ тарапынан осы шешіммен келіспейтіні туралы сотқа талап арыз берілді.

Ағымдағы жылғы 6 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында көрсетілетін әуе кемесінде қару-жарақ пен оның оқ-дәрілерін алып жүру бойынша ақылы қызметті алып тастау туралы Авиациялық прокуратураның талабын қанағаттандыру туралы шешім шығарды.

Сот шешімі әлі күшіне енген жоқ.


Соңғы жаңалықтар