Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент маңындағы ауыл азаматтарына Жол картасы аясында 85 мың теңгеден беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының маңында (ауылдарда) еңбекке жарамды азаматтарға 2 минималды айлық көлемінде ақша берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта карантинге байланысты Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының маңында еңбекке жарамды азаматтардың көптігі байқалады. Ең алдымен жастар көп. Сондықтан Үкімет пен әкімдер дәл осы аймақтарда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде нақты жобаларды бастауы керек. Азаматтарда ақша табу мүмкіндігі болуы тиіс. Олар жабылып қалған шлагбаумда отырмауы тиіс», - деді Мемлекет басшысы халыққа үндеуінде.

Президент еңбекке жарамды азаматтарға «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жұмысқа келгеннен-ақ 2 минималды айлық көлемінде көтерме ақы берілетінін (85 мың теңге) жеткізді.

«Бұл айлыққа қосымша ақы ретінде беріледі», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар