Нұр-Сұлтан, Алматы, Көкшетауда вакцина сауда орталықтарында салынып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өңірлердегі иммундау іс-шаралары 916 екпе пунктінде жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ел өңірлерінде халықты иммундау науқаны жалғасуда. Қазіргі уақытта өңірлердегі иммундау іс-шаралары 916 екпе пунктінде жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, КВИ-ге қарсы вакциналау жүргізу үшін шалғай елді мекендерде, ұйымдасқан ұжымдарда, адамдар көп шоғырланған орындарда екпе жасаудың 233 көшпелі бригадасы жұмылдырылған», - деді министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, иммундау науқанына 10 мыңға жуық медицина қызметкері тартылды.

«Нұр-Сұлтан, Алматы, Көкшетау қалаларында екпе жасау пунктері сауда орталықтарында, базарларда ұйымдастырылды. Бұл жерлерде демалыс күндері де вакцина салдыруға болады. Осы орайда тұрғындардың вакцинаға қолжетімдігі артып отыр», - деді А. Цой.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Алексей Цой ел өңірлеріне қанша вакцина жеткізілгенін айтты.


Соңғы жаңалықтар