Нұр-Сұлтан - Алматы арасында бір айлық үзілістен кейін әуе рейстері қайта орындала бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары арасында әуе тасымалы қайта жанданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек Қазақстанның екі қаласы арасындағы елдегі төтенше жағдайға байланысты әуе тасымалына 30 наурызда шектеу қойылған еді. Арадағы бір айлық үзілістен кейін 1 мамырда, яғни бүгін Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайға алғашқы жолаушылар Алматыдан келді. Ал елордадан оңтүстік астанаға ұшақ сағат 09.40 кезінде қайта ұшып кетті.

Бүгін Нұр-Сұлтанға Алматыдан тағы төрт әуе сапары орындалады.

Атап айтқанда сағат 11.35, 14.40, 19.00, 19.20 уақытында төрт ұшақ келіп қонады. Әуе рейстерін Air Astana, Qazaq, Scat әуе компаниялары орындайды.

Еске сала кетсек, 4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге әуе қатынастары қайта жанданады.





Соңғы жаңалықтар