Нұр-Сұлтан әкімдігі дәрі бағасының негізсіз өсуін iKomek арқылы қадағалайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Азаматтар дәрі-дәрмек бағасына қатысты 109 нөміріне шағымдана алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарына дәрі-дәрмектің қымбаттау фактілері туралы хабарлауды ұсынды.

«Мемлекет басшысы мемлекеттік органдарға дәріханалардағы бағаны бақылауда ұстауды тапсырды. IKomek 109 базасында жедел желі іске қосылды. Дәрі-дәрмектің бағасын негізсіз көтергені туралы шағымдар бойынша қала тұрғындары 109 нөміріне хабарласа алады. Өтініштерге жауап береміз», – деп жазды Алтай Көлгінов Instagram парақшасында.

Соңғы жаңалықтар