Nur Otan жалғызбасты қарттар мен көпбалалы отбасыларға көмек ретінде 150 млн теңге бағыттады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Nur Otan партиясы жалғызбасты қарттар, мүгедектер мен көпбалалы отбасыларға көмектесу үшін 150 млн теңге бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында карантин жарияланған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жалғызбасты қарттарға, мүгедектер мен тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін 150 млн теңге бағытталды. Бұл қаражатқа медициналық маска, антисептикалық құралдар мен бірінші кезекте қажетті тауарлар сатып алынып, оларды партиялықтар мен «Jas Otan» волонтерлері халықтың тұрмысы төмен әлеуметтік тобына үлестіріп береді»,-деп жазады«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Instagram парақшасында. ⠀

Қазір Нұр-Сұлтан және Алматы әкімдіктерімен бірге коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында құрылған жедел штабтарға көмек көрсету үшін волонтер-еріктілердің ықшам топтары жасақталуда.

Сонымен қатар партияның орталық аппараты мен филиалдарының қызметкерлері осы қажеттіліктерге өздерінің бір күндік жалақысын аудару туралы шешім қабылдады.


Соңғы жаңалықтар