Nur Otan Сырдария ауданының әкімін партиялық жауапкершілікке тартты

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты Асқар Тоқамағамбетов атындағы ауылда «Асқар Тоқмағамбетов Жер» ЖШС үлескерлерінің екі тобы арасында олардың бір бөлігінің серіктестік құрамынан шығу туралы шешімге байланысты жанжал туындаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Nur Otan» Партиялық бақылау комитетінің дерегіне сүйенсек, қазіргі уақытта бұл дау шиеленісіп, әлеуметтік сипат алған. Атап айтқанда үлескерлер мен компания өкілдері арасында қақтығыстар орын алды. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті шаралар қабылданбағаны айтылды.

«Аудан әкімі, партия филиалының төрағасы аталған мәселені шешуде әрекетсіздік танытты. Осыған байланысты, шиеленісті жағдайдың әлі де жалғасып жатқанын және тиісті шаралардың қабылданбауын ескере отырып, облыстық партиялық бақылау комиссиясы Сырдария аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Талғат Дүйсебаевқа ескерту түрінде партиялық жаза қолданды», - дейді «Nur Otan» Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Артур Платонов.


Соңғы жаңалықтар