«Nur Otan» Саяси кеңесі отырысында қандай мәселелер талқыланады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев наурызда өтетін «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, парламенттік сайлаудың конституциялық мерзімдері жақындап келеді. Қазірдің өзінде саяси күштер дайындықты бастап кетті. Тамыз айында Нұрсұлтан Назарбаев түбегейлі өзгерістің қажет екенін айтты. Бұл уақытта партия жаңару бойынша елеулі жұмыс атқарды. Әсіресе, өңірлерге, бастапқы ұйымдармен жұмысқа баса мән берілді. Халықтың әлеуметтік көңіл-күйі зерттеліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күшейді, мәслихаттар жаңаша жұмыс тәсіліне көшті. Алдағы Саяси кеңесте қайта жаңарудың аралық қорытындылары айтылып, сайлауалды кезеңге жаңа тапсырмалар беріледі деп ойлаймын», - деді министр «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

Еске сала кетсек, 5 ақпанда «Nur Otan» партиясының Төрағасы - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 18 наурызында партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын шақыру туралы Қаулыға қол қойды.


Соңғы жаңалықтар