«Nur Otan» Саяси кеңесі Бюросының отырысы кейінге шегерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы шегерілді. Бұл туралы Бауыржан Байбек Твиттердегі парақшасында хабарлады.

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы жұмаға, яғни 28 тамызға ауыстырылды» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Сайлауалды бағдарламаны талқылау барысында Бюро мүшесі, Премьер-Министр Асқар Маминге әлеуметтік қамсыздандыру шараларын күшейтуді, денсаулық сақтау саласының сапасын арттыруды, жұмыс орындарын құрып, тұрғындар табысын ынталандыруды тапсырды.

Сондай-ақ, өңірлердегі жастарға қолдау көрсетудің нақты тетіктері арнайы ұсынылуы тиістігі айтылды.


Соңғы жаңалықтар