«Nur Otan» республикалық сайлауалды штабы Павлодар облысында жүр

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабы Павлодар облысына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Партияның сайлауалды күн тәртібі өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі «Қазақстан Алюминийі» жұмысшыларымен кездесуде талқыланды.

Экологияны жақсарту мақсатында қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын салу және жыл сайын орташа алғанда зиянды шығарындыларды 3 мың тоннаға төмендете отырып, кәсіпорындарды жаңғырту жоспарлануда.

Бұдан кейін мұғалімдермен кездесуде сайлауалды штаб мүшелері білім саласын дамытудың негізгі бағыттарын талқылады.

Осы күні партия өкілдері Новочерноярка ауылының тұрғындарымен кездесті. Бір жыл бұрын ауылдағы 16 көпқабатты үйде орталықтандырылған жылудың болмауы мәселесі шешімін таппай тұрған болатын.

Осынау ұзаққа созылған жылыту қазандығын салу мәселесі партиялық бақылауға алынғаннан кейін биыл ауылдағы 800 үй ғана емес, сонымен бірге мектеп, аурухана және басқа да әлеуметтік нысандар жылумен қамтамасыз етілді.

Тұрғындардың айтуынша, Черноярск ауылдық округіндегі түйткілді мәселенің бірі – ауыл ішіндегі жолдардың сапасы. Осыны ескере отырып «Nur Otan» партиясы аудандық сайлауалды бағдарламаға 19 ауылдағы, оның ішінде Новочернояркадағы жолдарға жөндеу жүргізуді енгізді.


Соңғы жаңалықтар