«Nur Otan» партиясының елордалық филиалы 2 мың азық-түлік себетін таратты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 6-7 наурыз күндері «Nur Otan» партиясының қалалық филиалы белсенділері азық-түлік себетін таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат филиалдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«8 наурыз мерекесі қарсаңында «Nur Otan» партиясының қалалық филиалының белсенділері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс: «Қайырымдылық істер» марафоны аясында халықтың әлеуметтік осал топтарына азық-түлік себеттерін таратты», - делінген хабарламада.

Азық-түлік себеттері 2000 отбасына таратылды. Әрқайсысы 25-27 келіні құрайтын себетке жарма, макарон, күнбағыс майы секілді тұрмысқа қажетті тауарлар салынған.

«Көмек жалғыз басты қарт адамдарға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және әлеуметтік осал топтарға көрсетілді», - дейді партия филиалы.

Еске сала кетсек, 8 наурыз қарсаңында жасотандықтар Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді аурухананың акушерлік бөліміне барып, қызметкерлер мен аналарды құттықтаған еді.


Соңғы жаңалықтар