+7 (701) 759 90 19
USD 420.76 EUR 498.6
RUB 5.6 CNY 62.27
Jańalyqtar

Nur Otan партиясының Алматы филиалында қайта жаңғырту барысы талқыланды

2019 жылғы 29 қараша 11:12
Бөлісіңіз:
Nur Otan партиясының Алматы филиалында қайта жаңғырту барысы талқыланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Nur Otan партиясы қалалық филиалы активінің отырысы өтті. Жиында партия көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша партияны қайта жаңғырту мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы активінің отырысында партияны қайта жаңғыртудың маңызды мәселелері, оның ішінде пәрменді электорат құру, праймериз жүргізу, партиялық жобаларды жүзеге асыру, мәслихаттардың рөлін және депутаттық фракциялардың жұмысын күшейту мәселелері талқыланды.

«Партияның қалалық филиалы қайта жаңғырту, халықты толғандыратын өзекті мәселелерді қарау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар, бастауыш партия ұйымдары мен Jas Otan жастар қанаты белсенділік танытуда. Елбасымен болған кеңесте жергілікті жердегі халық жиі келетін сегіз аудандағы біз құрған консультативті орталықтардың жұмысы атап өтілді», - деді Б. Сағынтаев.

Активтің жұмысына Nur Otan партиясы қалалық филиалы саяси кеңесінің және депутаттық фракция мүшелері, партияның аудандық филиалдары мен бастауыш ұйым басшылары, партиялық бақылау комиссиясының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің және партияның қалалық филиалы бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері қатысты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT