«Nur Otan» партиясы түркістандықтармен тікелей эфир ұйымдастырды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы әлеуметтік желіде тікелей эфир ұйымдастырып, билік өкілдері тұрғындардың сұрағына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев пен Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметттік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалы директорының міндетін атқарушы Дәурен Байырбеков тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

Тікелей эфир барысында партия филиалының Facebook және Іnstagram-дағы ресми аккаунттарында 400-ден астам сұрақ қойылып, 70-тен астам желі қолданушысы өз парақшаларына бөлісті. Эфирді 2 мыңға жуық адам көріп, мағлұмат алды.


Сұрақтардың басым бөлігі мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік көмектер, 42500 теңге көлеміндегі жәрдемақы және «Біз біргеміз!» акциясы аясындағы азық-түлік пакеті және 50 мың теңге мөлшеріндегі көмектер туралы болды. Атаулы әлеуметтік көмек алу, жәрдемақыларға құжат тапсыру мәселелері бойынша да шағымдар түсті.


Спикерлер кейбір сұрақтарға бірден жауап берсе, жекелегені бойынша жұмыстар жүргізілетін болып шешілді.

Облыс халқы онлайн қоғамдық қабылдау өткізуге мұрындық болған партия филиалына ризашылығын білдірді. Көмек алып үлгерген азаматтар да алғыстарын айтып жатты.

Айта кетейік, «Nur Otan» партиясы 20 сәуірде партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев өзі тікелей эфир өткізген болатын. Оны 1500-ден астам адам көріп, 100-ден астам сұрақ жолданды. Тұрғындардың өтініштері назарға алынып, бірқатарына жауап берілді. Соған байланысты партия филиалы осы салаға жауапты мекемелердің басшыларын арнайы шақырып, осы жолы тұрғындармен онлайн жүздестірді.


Соңғы жаңалықтар