«Nur Otan» партиясы СҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – СҚО-да өңір басшысы Құмар Ақсақалов «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әсем Рахметова «Nur Otan» партиясы СҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. СҚО әкімі, «Nur Otan» партиясы СҚО филиалының төрағасы Құмар Ақсақалов Әсем Қалашбайқызын партия активіне таныстырды.

Әсем Рахметова М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі. Бүгінгі тағайындауға дейін ол СҚО ішкі саясат басқармасының жетекшісі қызметін атқарды.

Еңбек жолын 2001 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ СҚОФ-тың редакторы қызметінен бастады. 2002-2005 жылдары 2032 әскери бөлімшесінде келісімшарт бойынша еңбек етті. 2005-2014 жылдары «Муниципалды телеарнада» редактор, СҚО ішкі саясат басқармасы жетекшісінің орынбасары болды. Кейін 2016 жылға дейін облыс әкімінің баспасөз хатшысы қызметін атқарып, СҚО ішкі саясат басқармасының жетекшісі лауазымына тағайындалды.

«Евгений Глотовтың басқа қызметке ауысуына байланысты орталық аппараттың келісімімен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Әсем Рахметованы тағайындау туралы шешім қабылданды. Әсем Қалашбайқызы – көптен бері идеологиялық салада жұмыс істеген азамат. Сондықтан оны бұл саладағы барлық тетіктерді біледі деп осы қызметке тағайындадық», – деді Құмар Ақсақалов.

Облыс әкімі биыл сәуір айынан бастап бұл қызметті нәтижелі атқарған Евгений Глотовқа бірлескен партиялық жұмыс үшін алғысын білдірді.




Соңғы жаңалықтар